Полезные ссылки

  • СТРАТЕГИЯ 2050
  • АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
  • УПРАВЛЕНИЕ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ и СПОРТА
  • КОМИТЕТ по ДЕЛАМ СПОРТА И ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ РК
  • МЕЖДУНАРОДНЫЙ ОЛИМПИЙСКИЙ КОМИТЕТ
  • "ФЕДЕРАЦИЯ КАРАТЭ КАЗАХСТАНА"
  • "ВСЕМИРНАЯ ФЕДЕРАЦИЯ КАРАТЭ"
  • "ВСЕМИРНАЯ ФЕДЕРАЦИЯ УШУ"
  • "ВСЕМИРНАЯ ФЕДЕРАЦИЯ ТАЕКВОНДО"
  • "ВСЕМИРНАЯ ФЕДЕРАЦИЯ КИКБОКСИНГА"
  • "АЗИАТСКАЯ ФЕДЕРАЦИЯ КАРАТЭ"
  • "ЕВРОПЕЙСКАЯ ФЕДЕРАЦИЯ КАРАТЭ"
  • "ОБЛАСТНАЯ ФЕДЕРАЦИЯ УШУ"
  • "АГЕНТСТВО TIMESKZ.KZ"
  • Курсы валют НБ РК

    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

    «  Июль 2013  »
    Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1234567
    891011121314
    15161718192021
    22232425262728
    293031
    Главная » 2013 » Июль » 18 » КАРАТЭ-ДОДАН Орталық Азия Чемпионаты - 2013 !!!
    15:03
    КАРАТЭ-ДОДАН Орталық Азия Чемпионаты - 2013 !!!

     

    Қырғыз елінің Чолпон-ата қаласында
    WKF каратэ-додан Орталық Азия Чемпионаты болып өтті.

    Орталық Азияға жататын Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан елдерінен келген маңдайалды каратэшілер екі күн бойы өзара шын мықтыны анықтады.

     
     
    Осы додаға Ақтөбе облысынан сегіз спортшы аттанса,
    оның жетеуі жүлдемен оралды.

    Орталық Азия чемпионы атан­ғандар –

    Ринат Сағандықов (67 келі, ересектер) пен

    Андрей Ақтауов (55 келі, ересектер).

     

    Чемпионаттың күміс жүлдесіне

    Тұрар Аманжолов (52 келі, кадеттер) пен

    Тәуекел Серікбаев (70 келі, кадеттер) ие бол­ды.

     

    Қола жүлдеге қол жеткізгендер –

    Зари­на Жалғасбаева (50 келі, ересектер),

    Әлихан Қазе­нов (68 келі, юниорлар) және

    Жомарт Шатаев (68 келі, юниорлар).

     

    Чемпионат барысында AKF төрешілер алқа­сының төрағасы Патрик Лим Жин мыр­заның қатысуымен халықаралық төре­шілер семинары болып өтті.

    – Бұл чемпионат қазан айында Астана қаласында өтетін Азия Кубогына іріктеу сыны болды, – дейді жекпе-жектен маман­дан­дырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Орынбай Майкеев. – Сонымен қатар 20 шілде күні Ринат Сағандықов Колумбияда өтетін Бүкіләлемдік Ойындарына аттанады.

    Ол додаға әлем бойынша рейтингте алдың­ғы орындарда тұрған спортшылар ғана қатыса алады.

    Ринат Сағандықов – ол сын­ға қазақ елі атынан түсетін бірден-бір каратэші.

    Ринатқа сәттілік тілейміз! 

     

    БҮКІЛӘЛЕМДІК ОЙЫНДАРЫНЫҢ САЙТЫ

     

    Loading

      КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
      "ОБЛАСТНАЯ ДЕТСКО-ЮНОШЕСКАЯ СПОРТИВНАЯ ШКОЛА №11 ПО ВОСТОЧНЫМ ВИДАМ СПОРТА"
      Copyright © 2005-2026



    ВСЕ ПРАВА НА МАТЕРИАЛЫ САЙТА ЗАЩИЩЕНЫ ЗАКОНОМ РК ОБ АВТОРСКОМ ПРАВЕ И СМЕЖНЫХ ПРАВАХ.
    ИСПОЛЬЗОВАНИЕ МАТЕРИАЛОВ САЙТА БЕЗ ССЫЛКИ НА ИСТОЧНИК ПРЕСЛЕДУЕТСЯ ПО ЗАКОНУ.

    Хостинг от uCoz